23.03.2022
160
ТҮННIҢ ТАМЫРЫ
Жұлдызды көктi аялап,
мүлгидi үнсiз сая бақ,
перiште сезiм бұлқынып,
қанатын сәуле жаяды ақ…
Жайылып көктiң құшағы,
алаңды келiп құшады.
Алматы – ару алқалы
бұлбұлдай көзден ұшады…
Шалқиды шабыт, ән тарап,
қызылды-жасыл шартарап.
Қалқиды баяу көшелер,
бойына түннiң қан тарап.
Үйеңкi.
Шырша.
Ояу бақ.
Отырмын жалғыз ой аулап.
Емхана…
Балкон…
Тыныштық…
Барады көкпен Ай аунап.
тамыз, 1985 жыл.