23.03.2022
  106


Автор: Нұрлан Оразалин

Қолдан жасап....

Қолдан жасап тiрлiгiнiң «шабысын»,
мансап үшiн,
билiк үшiн,
бақ үшiн
мiнетiндер кездесiп жүр (жоқ дер кiм?)
баптап кейде жорға санап жабысын.
Жалған айтсам, бетiме бас, сөк, күнiм,
соны ойласам – жүрегiмде жоқ тыным.
Үмiт…
Күдiк…
Кемiрiп жүр екiұдай,
жанға батып жайдақ сөзi ептiнiң.
Жай-күйiңдi көре тұрып, сұрамай,
маңғазсынып өте шықса бiр ағай,
Неге екенiн?.. Шекпен киiп, жыр жазған
түседi еске қарапайым, ұлы Абай…
Тұла бойды езiп-жаншып нала-мұң,
(кейде өзiмдi танымай да қаламын).
Кiжiнесiң… Кей «мықтының» алдында
бүгежегiн көрген сәтте дананың.
Мансап үшiн,
Билiк үшiн,
Бақ үшiн…
 
Жүргендердi жорға санап жабысын
көрген сәтте –
қаның бойды кернейдi,
өзгерткiң кеп уақыттың ағысын…
наурыз, 1981 жыл.





Пікір жазу