23.03.2022
120
МIНЕЗ
Қиқарлығым жетедi бiр басыма,
сөзiм де айтар аз емес сырласыма.
Дос болып көп есiктi қақсаң егер,
еңсе көтер, ағайын,
Кiр!..
Жасыма!..
Құшақ жайып, жаныммен айқарамын.
(дос-жүрекке көл-көсiр айтар әнiм).
Жанарыңда жас болса, құрғатамын,
шаттандырып, шалқытып қайтарамын.
Аластаймын қайғыңды, көктеп өтем,
ақпаныңды ақ қарлы көктем етем;
босағамды аттасаң бөтен оймен,
байқа, ағайын,
Мен қатты өкпелетем…
қараша 1982 жыл.