23.03.2022
  123


Автор: Нұрлан Оразалин

Боз Айым да...

Боз Айым да бұлқына алмай кештегi,
боз ойым да сiлкiне алмай еш, тегi,
боздауын-ай қарашада мына әннiң!
Мазамды алды… (Өшпедi, не көшпедi?!)
Сылқым, сырлы бұл не қылған күйлi ағын?
Естiп-естiп үйге, түзге симадым.
Асау көңiл жел айдаған қайықтай
тартты дейсiң бiр бағытқа бимәлiм…
Боз Айым да қалды көкте бұлқынып,
боз ойым да қалды текке жұлқынып;
боздап-боздап қарашаның өштi әнi,
басты келiп Шилi өзектi түн тымық.
қараша, 1981 жыл.





Пікір жазу