23.03.2022
  124


Автор: Нұрлан Оразалин

Бұғытының басқандай...

Бұғытының басқандай жүзiн қайғы,
телеграф сымдары ызыңдайды…
Торайғырдың тауындай ұйқыдағы
селт етпейдi жүрегiң, қызынбайды…
Болмашы бiр ақ жауын бүркетiндей,
бiр ойыңды бiр ойың iркетiндей;
алмағайып осынау сәтте сенен
ала құйын сезiм де үркетiндей.
Жәутең-жәутең… Қарайды баладайын
жапырағы тоналған бала қайың.
Телеграф сымдары ызыңдайды,
ой қуалап үздiккен санадайын.
қараша, 1981 жыл.





Пікір жазу