23.03.2022
  109


Автор: Нұрлан Оразалин

Қар соңынан...

Қар соңынан келер көктем қайтадан,
қызғалдақтар қырда тұнып, айтар ән.
Ұмтылғанмен, қондырар ма сенi ендi
көк көлдерiң он сегiзде шайқаған?!
Жастық тұнып жанардағы кесеңде,
арулардың үнi естiлмей көшеңде;
бағың-дағы баяғыдай шуламай,
тынар ма үнсіз сөзден қалған шешендей?!
Көздердi ойлап сезiм отын мол жаққан,
кездердi ойлап желтоқсанда жол қаққан,
жолаушыдай бiз де отырар ма екенбiз
жадап-жүдеп ой деген бiр толғақтан?!
Қар астында қырмызы гүл, сән қалып,
қыр астында бiз шырқайтын ән қалып…
Жабығар ма?.. Жалығар ма екенбiз,
Дүниеге жаңа туған таң қалып?!.
қараша, 1981 жыл.





Пікір жазу