ҚОРҒАСЫН ОЙ
Ойым ауыр, сүлесоқ, зiл-заламын…
Желсiз тымық теңiздей ырғаламын.
Өрiсiнен өлеңдi кеткен iздеп,
көк жаулығын көңiлдiң бұлғаладым.
Естiлмедi үн…
Ешкiм де көрiнбедi,
құс жолы да көктегi өрiлмедi;
дүниенi көгендеп қойғандайын
қорғасын ой қозғалмас төрiмдегi.
Көшелер де, тас керең тал-қайың да,
қадап көзiн көктегi талды Айым да.
Сүлесоқ ой, апыр-ай, сiлкiнсеңшi,
шабыт ұйықтап кеткен бе шалғайыңда?!
Қаңыраған бақтарға елеңдеумен,
төзiм талды…
Сiлкiншi, Өлең-кеудем!
Аспанымды тасташы қақ айырып,
көк нөсерге малынсын желең жейдем.
Жүрек атты қозғалып «жоян арба»,
сөйтсем, төрiм ұйқыдан оянар ма?!.
Алпыс екi тамырым сеңдi бұзып,
қызыл суға кеудем бiр боянар ма?!
Зiл-заланы бойдағы жоқ қылатын,
Өткiр өлең!
Қайдасың, өткiр Ақын!
Қара нөсер жаудыршы жан сергiтер,
Жырдан үлкен өмiрде жоқ мұратым.
қазан, 1981 жыл.