meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  23.03.2022
  193


Автор: Нұрлан Оразалин

Салқын сая…

Салқын сая…
шулаған бұлақ дәйiм,
толқытады көңiлдi сынаптайын;
осы арада кездесiп өзiңменен,
өзегiмде өртенген гүл, ақ қайың…
Алғаш рет!..
Құлақ түрiп көктемге, бiр үнге мен,
иiскеп тұрып шашыңнан, дiрiлдегем;
осы арада бейкүнә махаббат боп,
шырын ерiнiң…
Балқытқан шырын денең…
Алғаш рет!..
қараша, 1982 жыл.





Пікір жазу