23.03.2022
188
ШАҚЫРАДЫ ТАУЫМНЫҢ БОЗ ҰЛАРЫ…
Қойлы ауылдың маңырап қозы-лағы,
тырна әуенi түу көкте созылады,
талмаусырап Шүңгiттiң шиыр бетi,
шақырады тауымның боз ұлары.
Жылқылы ауыл… Түтiнi ала-құла,
(естен шығып, апыр-ай, барады ма?!.)
жуасытам деп жүрiп жыр-асауды,
тiрлiк атты мiнгем бе жабағыға?!.
Көңiл шiркiн соны ойлап ашынады,
тау суындай беймезгiл тасынады.
Аршаларын аралап Шалкөденiң,
Айқайтастың құзына асылады.
Асқақтаған бiр әндi тыңдап-ұйып,
асылады көз талар шыңға биiк;
жатқандайын айлы өлке, аспан асты
жаңа жырға жас талдан құндақ иiп…
мамыр, 1982 жыл.