23.03.2022
  115


Автор: Нұрлан Оразалин

Туса-дағы...

Туса-дағы бiр мықты жыр тап сенен,
мықты ақынға қазақ елi тапшы емен…
Көңiл соны сезiнсе де, ұқса да,
бойды буып, көнер емес бақсы-өлең.
Көк таулардың қолтығынан шаң ұшып,
көк баулардың құшағынан ән ұшып,
қара аязда, қалшылдаған қаңтарда,
қарашада қабаржисың қан ысып.
Көктем болып, болып кейде жаз, жаңбыр,
бүретiндей жүрегiңдi сазды ән бiр.
Аярлық пен кещелiкке атой сап,
қозғалады кеудедегi жазған жыр.
Екi шекең, солқ-солқ етiп маңдайың,
тiлiңе кеп жабысардай таңдайың;
көзсiз ер боп отырасың сәтте осы,
бар әлемге билiк айтар жандайын.
Жанарыңда жұлдыз жанып, Ай налып,
көкiрегiңде көкшiл ғалам айналып,
отырасың бар қуаныш, бар қайғы
тұрғандайын қаламыңа байланып.
Туардайын бiр ғажап жыр тап сенен,
бойды буып,
көнер емес бақсы-өлең…
қазан, 1982 жыл.





Пікір жазу