23.03.2022
  110


Автор: Нұрлан Оразалин

Таң асылып....

Таң асылып Талдының қыз белiне,
ән асылып тырнаның тiзбегiне,
құлазып тұр тау iшi, құлазып қыр…
Жабырқап тұр қарт – қазан, күз де, мiне.
Таңғы суық тобарсып, құлақтанып,
талмаусырап сөйлейдi бұлақ талып;
тамыз қашып барады тырна әнiмен,
базары мен бар шуы жырақ қалып.
Қияқ шөптi сарғайған несiбе қып,
қия беттi барады кесiп елiк.
Қойлы ауылдың қиынан шыққан түтiн
қаз, тырнаның барады көшiне ерiп.
Көлеңкесi таулардың, қара, сынып,
көтерiлiп келедi таң асығып.
Бұтағына жалаңаш қырау қонған
бүрiсiп тұр былтырғы бала шыбық…
Алай-дүлей сезiмiм аласұрып,
бүрiсiп тұр былтырғы бала шыбық…
Орманшының көңiлi – келер көктем,
жылқышының қолында – ала сырық.
Тауға асылып келедi таң асығып…
қазан, 1980 жыл.





Пікір жазу