23.03.2022
204
Сам жанып....
Сам жанып, басып жердi сыз
Ай аққан түнде келермiн,
шатырлап аспан… Белгiсiз,
жай атқан түнде келермiн?!.
Бастауын шайып бұлақтар
тулаған кезде келермiн,
шашбауын өрiп құрақтар
шулаған кезде келермiн.
Ойпаң бел… Оймақ қыраттар
жонданған кезде келермiн,
ой желке күлiк, құр аттар
қоңданған кезде келермiн.
Келермiн бәлкiм таңды ұрып,
келермiн бәлкiм кештi ұрып,
таңқурай бiтiп, жаңғырып,
құлазып жатқанда Ешкiлiк.
Сабырын таусып Сары Адыр,
қураған кезде шалғыны,
келермiн iздеп, қара бiр,
Шиелi өзек…
Шүңгiт…
Талдыны…
Ерте ме, кеш пе бiр келем,
сағынышымменен жолды ырғап,
Ай туған шақта iргеден,
қарағайларға қол бұлғап…
7 қараша, 1979 жыл.