23.03.2022
  145


Автор: Нұрлан Оразалин

ЕГЕС

Егес…
Егес басталды:
Мансап…
Шекпен..
Арман…
Өлең…
Ар үшiн…
Додаға ой тасталды,
(орман, тоғай, асу, үңгiр, жар – iшiм…)
Кiм жеңедi?
Шек-шегара жоқ тегi.
Ай астында – ала майдан сенгiсiз.
Таусылардай жер үстiнде оттегi,
бiр сұрапыл – көнгiсiз.
Не болады?
Кiм жеңедi?
Белгiсiз…
Неге?
Неге?
Шуылдайды құлағым?
Қысылар ма бекер дем?
Өмiр-өзен…
Жөңкiлердей ұлы ағын.
Азап…
Мұңым…
Сiлкiнердей от өрген.
Бұлқынардай бұлағым…
 
Қаным ойнап, шуылдардай құлағым?!
Кiм бiледi кiмнiң күлiп, жыларын?
Кiм бiледi кiмнiң қашан құларын?
Кiмнiң қалай тынарын?
буып жатыр…
жуып жатыр жүректі –
Егес…
Егес…
Ұлы майдан – ұлы ағын…
қаңтар, 1980 жыл.





Пікір жазу