23.03.2022
  159


Автор: Нұрлан Оразалин

Сағат Әшiмбаевқа

Құлын-сезiмнен
шыңғырған үнсiз от алып,
кеудемде менiң
алысып жатыр екi алып.
Жеңедi қайсы?
Құлайды қайсы?
Белгiсiз...
Бiрiнде – сабыр,
бiрiнде – сезiм...
От анық...
Бiрiнде – сәуiр,
телегей-теңiз теңселген,
бiрiнде – тамыз,
әр тамшы суы өлшенген.
Бiрiнде – көктем дауылы,
бойың жуылар, аршылар;
бiрiнде – шiлде жауыны,
ойың жуылар – малшынар.
Екеуiнiң де
қақы бар өмiр сүруге!
Екеуiнiң де
көретiн күнi бар шығар?!
Құлын – сезiмдi
қараңғы түнде шыңғыртып,
қуантып бiрде,
мұң бүркiп,
Арғымақ ойлар
 сорғалап жатыр тамшылар...
Сорғалап жатыр тамшылар...
Күзiм келгенше,
жапырақ ұшқанша –
басқанша мынау жердi сыз...
Жеңедi қайсы?
Құлайды қайсы?
Белгiсiз...
Белгiсiз...
наурыз, 1976 жыл.





Пікір жазу