23.03.2022
  149


Автор: Тортай Сәдуақас

Ақ пен қызыл айқасы

Жаңа заман көрінді,
Түсті дүние таласқа.
Ел екіге бөлінді, –
Қызыл мен ақ, алашқа!
Халық байғұс соңында, –
Атады деп таң қайдан?!
Азаттықтың жолында,
Басталды бір қанмайдан!
Даналары қазақтың,
Елдің қамын бөлісті:
Келеді деп ғажап күн,
Екі дай боп керісті.
Бере ме елдің тілегін,
Азғындады пір неге?!
Біреу болды – трибун,
Біреу түсті түрмеге?!.





Пікір жазу