Шортан
Сотқа берді Шортанды,
Күн көрсетпей, бүлдірді деп көлшікті.
Айыпты да мол таңды
Және-дағы жазалыға меншікті
Сулы ыдыспен алып келді сотқа оны.
Жақын маңда жайылып
Жүрген еді сот тобы,
Көрдік оны көне архивтен айырып:
Екі Есек тәуір-ақ,
Үш-төрт Ешкі және екі жауыр Ат.
Мұндай істің болмау үшін бүртігі,
Прокурор ғып белгілеген Түлкіні.
Естіп қалдық халықтан:
Шортан сонда Түлкіге ас тартқан кіл балықтан.
Сот бұрмасыз болғандықтан таза бір,
Дәлелденген айыппенен әр түрлі,
Ақталмастан Шортан сотқа тартылды,
Дұрысы сол: тиісті үкім айтылды,
Айыптыға бермек боп шын жазаны,
Талға асылсын деді үрей боп халыққа.
«Уа, достар, – деді Түлкі жаны ашып, –
Талға асу аз, құрту үшін қарасын,
Ауыр жаза айтайын тең тамұққа:
Шортан алда қауіпті болмау үшін тым аса,
Батырайық арыққа!» «Тамаша!» –
Бір ауыздан соттар солай жараса,
Лақтырды оны арыққа.