22.03.2022
  85


Автор: Абдрахман Асылбек

Бейнетқор аю

Бір мұжықты көре қап иіп жатқан доғаны,
Және оны асырған тез пайдаға,
(Ал, доға үшін керек шыдам, айла да),
Аю-дағы тап солай еңбек етпек болады.
Кірді орманға, сатыр-сұтыр айнала,
Содан кейін салып ойран-бүлікті,
Жөке, қайың, қарағайды, шілікті
Тентек Аю шеттерінен сұлатты,
Әуреленді, бірақ құр.
Жөн сұрауға мұжыққа ол жөнеді,
Деді бара: «Айтшы, көршім, себебін,
Ағаштарды отауымда бар ма мін?
Бірақ, одан доға ие алмадым,
Мұның қандай құпиясы, сыры бар?»
«Достым, – деп ол ашты сыр, –
Шыдам керек бастысы,
Ұғып ал».





Пікір жазу