22.03.2022
  110


Автор: Абдрахман Асылбек

Аза

Ертеректе көне Мысыр елінде
Салтанаттап, байлар өлсе ардақты,
Жылайтұғын жоқтаушылар жалдапты.
Атақты бір сондай қаза кезінде –
Жоқтаушылар азаланған кейіпте,
Сол өлікті мына өмірден жаңғырық
Шығарып сап тыныштыққа мәңгілік,
Бара жатты бейітке.
Осы тұста жүрген біреу қаңғырып,
Әлгілерді туыстары екен деп,
«Айтыңдаршы, – дейді ол, – қуанар ма едіңдер,
Қайта оралса кебінді ер?
Әулиемін, айтқанымды етем тек:
Дұға оқысам Тәңіріне тапсырып,
Тірілте алам дәл мұны».
«Әке, – депті барлығы, – қуант біздей жарлыны!
Тілегіміз – жаса жалғыз жақсылық,
Бес күн жарық көрсін де,
Сонсын қайта өлсін де.
Тірісінде көрген жоқпыз пайда одан,
Алда да ол бізге тиын берер ме?
Өле қалса егерде,
Жылау үшін жалданар ек қайтадан».
* * *
Аз емес-ау сондай байлар қайдағы
Өлімімен пайдалы.


 





Пікір жазу