22.03.2022
338

Түлкі мен жүзім
Кірді аш Түлкі жүзімдіктің ішіне,
Тұрды жеміс алауланып, мөлдіреп.
Қу сұмпайы көзін сүзе төнді кеп,
Қандай тәтті, жақұттай-ау түсі де!
Айыбы сол – жоғарыда өздері,
Алар емес қолына тез түсіре.
Көргенімен көздері,
Тиер емес тісіне.
Сағат өтті, еш тындырған жоқ ісі,
Дымы құрып, деді сонда: «Түсіндім,
Құбылтқанмен түсін мың,
Көк екен ғой – жетілмеген жемісі,
Тұтып қалар тісіңді».