22.03.2022
131
Қасқыр мен тырна
Ел біледі сұм Қасқырдың аранын:
Сүйек пе, ет пе жегені,
Талғамайды тамағын.
Бірақ-тағы бәле қайдан демегін,
Бір сүйек кеп тамағына тірелді,
Тірелді де, тарылтты тез тынысын,
Бітпек енді күні шын.
Бағына орай Тырна жақын жүр еді.
Көре сала Қасқыр ыммен шақырды,
Көмек сұрап татымды.
Тырна басын тықты да,
Тамағынан Қасқырдың сүйекті алып шықты да,
Сұрады енді төлегін деп ақымды.
«Ойының ба! – Бөрі ақырды сонда оған, –
Керек саған қандай ақы, оңбаған!
Мисыз бас қой көмейіме тыққаның,
Олжа сана аман-есен шыққанын!
Жоғал енді, бөгелме,
Аямаймын қайта түссең егер де».