22.03.2022
124
Екі бөшке
Екі Бөшке келеді: бірінің бар шарабы,
Бірінде
Түгі жоқ түбінде.
Біріншісі домалады шамалы
Ақырын;
Ал, бос Бөшке батырың
Тасырлады айналасын даң қылып,
Жүрген жерін шаң қылып;
Қашты жолдан жолаушы естіп оның тасырын.
Қанша айқай салмасын,
Атын көпке жаймасын,
Тап бірінші Бөшкедей тигізе алмас пайдасын.
Өз тірлігін өзгеге мақтай беру сән болмас,
Одан сірә мән болмас.
Шын шеберлер сөз шығармас тісінен,
Ұлы адамдар қашан да ұлы ісімен.
Ондайларды қалпынан-ақ байқайсыз
Айқайсыз.