22.03.2022
  117


Автор: Абдрахман Асылбек

Жала

Бір нәрсені бүлдіре сап дәйім біз,
Біреулерді кінәлауға дайынбыз.
Көбіне айта саламыз:
«Әйтпегенде, бұл ой маған келер ме?»
Болмаса адам егерде,
Жын, періге жабамыз,
Көлеңкесі түспесе де о жерге.
Ондай мысал толып жатыр, тыңдашы,
Шығыс елде болыпты бір дінбасы.
Әулие боп, сөзбен жылмаң етеді,
Басқаша ғой тұрмыста
(Діндардың да алдамшысы жетеді);
Оны қойшы, сөз мынада бұл тұста,
Діндарлардан бір нұсқа,
Бір ереже тыңдары,
Таза сопы кіл бәрі.
Тіпті ұнамай тұратын
Дәу басшының қатал мінез ызбары:
Ережеден жол жоқ аттап шығатын.
Бірақ, діндар одан қорқып-саспады,
Оразада бір қулыққа бастады:
Бір нәрсені ептеп жеуге болмас па?
Жұмыртқа алды сеп болар деп қарынға.
Балаусаны тұттатты да ол қасқа,
Қақтады енді алдындағы жалынға.
Балауызға ары-бері төңкеріп,
Тесіледі жұмыртқаға жұтынып,
Басшысына күледі іштей құтырып:
«Ұстай алмас дәл көріп,
Қауға сақал қақпасым!
Жұмыртқаға тоямын».
Бақылаушы баяғы
Кіріп келді бөлмесіне сақ басып.
Көріп нағыз күнәні,
Қаһарлана жауап күтті асыға.
Қылмыс нақты, алмас сірә жасыра!
«Кешір, әке қырағы,
Кешір мына күнәмді! –
Деді Брамин жасын төгіп қайталай. –
Түсіп қалдым арбауға бір тұманды;
Азғырды Жын, ах, антұрған сайтан-ай!»
Бала Жынның пештен қарғып түскені:
«Ұят! – деді ол айқайлап, – бізге жала сөз ілген!
Тәлім алып қазір ғана өзіңнен,
Көріп тұрмын көзіммен,
Жұмыртқаның балауызбен піскенін».


 





Пікір жазу