22.03.2022
  88


Автор: Абдрахман Асылбек

Бұлт

Күн шыжғырған кең даладан тандырдай
Жөңкіле кеп ауды Бұлт.
Еш болмаса бір тамшы да тамдырмай,
Көк теңізге бара сала жауды Бұлт.
Сонсын Тауға мәрттігімен мақтанды.
«Жомарттығың осы ма?
Қандай сенім ақтадың? –
Деді алып Тау досына, –
Қалай жаның ашымады ен түзге?!
Жаусаң егер жатқан жерге шаң болып,
Талай елді жарылқар ең дән болып:
Теңіз суы, досым-ау, мол еді ғой сенсіз де».





Пікір жазу