22.03.2022
  91


Автор: Абдрахман Асылбек

Құлмақ

Құлмақ келіп егінге,
Қадап қойған қу таяққа шырмалды;
Жақынырақ бір жас емен тұрған-ды.
«Бұл кемтардан не пайда бар өмірге?
Жалпы, түк жоқ тегінде, –
Деп сол Құлмақ одан әрмен тырбанды. –
Қада, сендей ұсқыны жоқ түк мұның,
Не тұрады сенің әсем тіктігің!
Әрине, оны жапырақтар бүркеген,
Бірақ, сұрсыз жасыл түрі түр ме екен?
Не үшін жерден нәр ап тұр?»
Апта өтпей-ақ қадаң бұл
Отын болып кесілді,
Ал, еменді егістікке көшірді.
Оған еткен еңбек текке кетпеді:
Емен жайлап жапырақ жайып көсілді.
Құлмақ оған жабысты да көктеді;
Сол арқыры жұрт мақтайтын боп алды.
* * *
Қылығы бұл жылпостардың орамды:
Айтқандары кіл сандырақ шүбәлі.
Тыя алмассың мұндайды,
Жалған айтпай тұрмайды.
Жағдай туса ыңғайлы,
Тағы алдыңнан шығады.





Пікір жазу