22.03.2022
140
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Арыстан мен түлкі
Түлкі бұрын Арыстанды көрмеген,
Көргенде алғаш аз-ақ қана өлмеген.
Кейінірек жанап барып жақындау,
Болып алды бұрынғыдан батылдау.
Үшінші рет көргенде,
Арыстанмен тіл табысты ол демде.
* * *
Кейбіреуден қорқамыз,
Жөндеп қарап, болып алмай мол таныс.