22.03.2022
129
Шаруа мен балта
Ұста бірде Балтасына жекірді,
Ашуланды болмаған соң өтімді:
Өзі әр нәрсе шабады,
Балтаға айып тағады:
«Оңбағансың! Тап бүгіннен, – деді әрі, –
Сенің ісің қазық жону болады.
Асқан шебер өнеріммен алда мен
Текке қарап тұрмай-ақ,
Сені керек қылмай-ақ,
Пышақпенен тындырамын сонда мен
Басқалардың істемесін балтамен».
«Не бұйырсаң, соны істедім мен күнде, –
Иесіне Балта жайлап тіл қатты. –
Иә, солай, қымбаттым,
Бәрі сенің еркіңде;
Айтсаң болды, мен несіне тартынам?
Бірақ, ием, жүрме ренжіп артынан:
Текке менің кетіргенмен күйімді,
Бір пышақпен сала алмассың үйіңді».