22.03.2022
  139


Автор: Абдрахман Асылбек

Көлеңке мен адам

Ұстаймын деп болды әуре Көлеңкені бір Есер:
Қашып берді Көлеңке, қуып еді ол ілесе,
Көлеңке де жүгірді, жүгіргенде ол тіресе.
Қосқанда Есер екпінді, ол да зырлай жөнеді,
Бар байлығын қоятындай тартып ап.
Есер кенет қашып еді артына,
Көрді, енді Көлеңке оны қуып келеді.
* * *
Аруларым, мұндайды көп тыңдағам,
Бірақ, сөзді сендер жаққа бұрмағам.
Ал, Бақыт ше, сол жұмбақ боп тұр маған:
Кейбіреулер жолы болмай тынады,
Азаптанып қанша айлаға басса да.
Кейбіреулер қанша одан қашса да,
Ондайларға Бақыт жақын тұрады.





Пікір жазу