Сері
Ертеректе Сері бір
Ерлік жасап құру үшін бір дәурен,
Қамданыпты желігіп,
Соғыспақ боп елестермен, жындармен.
Сауыт киіп, ауыздықтап ол атын,
Ер үстіне қонбай тұрып шамалы,
Мынандй сөз айтуды жөн санады:
«Тыңда мені, сенімді ұшқыр қанатым,
Самға дала, тау, тоғайды жарып бір,
Басың ауған жаққа қарай құйында,
Сері заңы бізге солай бұйырған,
Баста жолды тұғырына даңқтың!
Жауыздарды бағындырып болған соң,
Бір патшаның қызына мен үйленем.
Екі-үш елді жаулап тағы содан соң,
Еңбегіңе лайықты сый берем.
Атақ-даңқты сенімен тең бөлемін:
Соққызуға саған ғажап қораны,
Бұйрықты да беремін;
Жазда жасыл жайлауың да болады.
Жүрсең қазір сұлыға да жарымай,
Онда бәрі мол болады, жаным-ай.
Арпа жейсің, бал татып су, мол аға».
Ерге қонып, Сері: «Әйт, шу!» – дегенде,
Астындағы ат шауып ала жөнелмей,
Тура тартты қораға.