22.03.2022
  107


Автор: Абдрахман Асылбек

Шаруа мен ажал

Қыстың күні шөп арқалап иіле,
Шаршаған шал мұқтаждықтан, еңбектен,
Әрең жүріп келе жатты үйіне,
Аһ-уһлеп тұла бойдан тер кеткен.
Әлі ұзақ соқпағы,
Шал ақыры тоқтады.
Шөпті қойып, өзі соған отырды,
Күрсінді де ойға кетті не түрлі:
«Жарлы жоқ мен секілді.
Жоқтық жеген, қатын-бала тағы бар,
Алым-салық бүгіп болды белімді.
Мен сорлыға қайдан бақыт табылар?
Бір күнім жоқ көңілді».
Осы күймен тілдеп мұндай өмірді,
Шақырды ол өлімді: тұр еді өлім расында
Қасында.
Келді де өлім жақын тым,
Деді: «Неге шақырдың?»
Шал қаһарлы түрін көріп шошынды:
Әрең оған жауап берді күбірлеп:
«Ашуланып шақырғам жоқ, ұғын тек,
Көтеріссін деген едім отынды».
* * *
Мысалдағы түйінді
Былай деп сен есепте:
Өмір сүру қанша ауыр десек те,
Өле салу одан-дағы қиын-ды.





Пікір жазу