22.03.2022
  135


Автор: Абдрахман Асылбек

Тас пен құрт

«Тасырлаған қандай надан ақымақ! –
Деді бір Тас жаңбыр жайлы жатып ап, –
Барлығы оған қуанышты, қарашы!
Құт қонақтай жатыр жақсы қарсы алып,
Не тындырды ол соншалық?
Бар жауғаны екі-үш сағат шамасы.
Мен жайлы елге неге хабар жетпейді?
Өмір бойы бүлк етпеймін мен деген.
Лақтырса да еш қарсылық етпеймін,
Бірақ, алғыс алғаным жоқ пендеден.
Халық бекер сөкпейді:
Шындық жоқ деп мына жалған өмірде».
Деді оған Құрт: «Кебінбе!
Сол жаңбырға қарап көрші аңдап шын:
Құлпыртып қу жеріңді,
Суарды ну егінді,
Шаруа да, міне, содан көңілді;
Ал, сен болсаң текке жатқан салмақсың».
* * *
Жасын айтып кейбіреу, мақтанғанмен айда кеп,
Сол бір Тастай одан ешбір пайда жоқ.





Пікір жазу