22.03.2022
  124


Автор: Абдрахман Асылбек

Шымшық пен көгершін

Жауыз тұзақ бір Шымшықты қысты әсем:
Бейшара әбден тыпыршыды, болмады.
Жас Көгершін мұны көріп қорлады:
«Қалай ғана түсіп қалдың түсте сен
Торға бұл?
Ал, мен болсам түспес ем,
Жалған емес, міне, күш!» –
Деп тұрғанда өзі де торға түсті, не дерсің,
Міне, іс!
Күлме өзгенің қайғысына, Көгершін.





Пікір жазу