22.03.2022
131
Аңшы арыстан
Ит, Арыстан, Қасқыр, Түлкі өзара
Көршілік күн кешіп,
Тезара
Сөз ала,
Аң аулауға келісіпті бірлесіп.
Не көрсе де тең көретін болыпты,
Не ұстаса да тең бөлетін болыпты.
Айласына жетпейді адам ұғымы,
Алдыменен Түлкі ұстапты Бұғыны.
Жолдастарын шақырыпты көруге,
Олжаны тең бөлуге.
Арыстан да жетті көзі жайнаған,
Тырнақтарын қайраған.
Қарап алып достарына айнала,
Билеп өзі бөлісті,
Былай депті:
«Біз төртеуміз қайда да,
(Бұғыны ол төрт бөліпті келісті) –
Кел, бөлейік, міне, менің бөлісім:
Мына бөлек мен үшін,
Уәдеміз күшінде;
Мынау маған – патшамын аң ішінде,
Мынау маған – мықтылығым үшін де,
Ал, мынаған тиісуге болмайды,
Оған тиген оңбайды!»