19.03.2022
1641
Папа туылған күніңізбен!
Өміріңіз шаттық пен нұрға толсын. Қызықты күндеріңіз арайланып, Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын Әкетай, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман-есен ортамызда жүріңіз! Мерекеңіз ұзағынан бола берсін, Үй-іші немере мен шөбереге тола берсін! Әкетай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қиындықтан шаршамаған. Жылуын жүрегіңнің аямадың, Өзіңе борышы көп балалардың. Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін, Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың. Аталап жан-жағыңда жүре берсін, Бал тәтті немерелер қызықтарың.