19.03.2022
1691
Әке
Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз! Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген, Суыққа бір шалдырмай мәпелеген. Өмірдің соқпағымен өрге тартып, Алдымен адам бол деп жетелеген. Тағдырдың кеуде тосып жартасына, Біз үшін түскен майдан ортасына. Алаңсыз сауық-сайран, шалқып жүрміз, Біз бүгін әкеміздің арқасында. Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып, Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық. Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп, Оны да аман-есен қарсы алалық.