19.03.2022
131
Әуесқой
«Қымбатты дос, қайдан келдің, не көрдің?»
«Кунсткамера көрмесінде боп едім.
Бәрін көрдім, бәрін білдім, сұрама,
Баяндауға тіл жетпейді сірә да,
Жалған сөзге жоқ ебім.
Табиғатың ғажабы көп тамаша,
Сан жетпейді санаса!
Қандай аңдар, қандай құстар жоқ онда:
Шыбын-шіркей, көбелек,
Тарақан мен бөгелек,
Бірі – лағыл, бірі – маржан – мол онда!
Кей сиырлар осындай –
Үлкендігі түйреуіштің басындай!»
«Қандай екен, достым, Пілді көрдің бе?
Шығар өзі тауға ұқсаған алып бір».
«Сонда ма еді?» «Сонда». «Достым, мен мүлде