19.03.2022
176
Шаруа мен қарақшы
Шаруа үй салып оңалды,
Сатып алды сүт шелек пен сиырды.
Ормандағы сүрлеу жолмен шиырлы
Кештете үйге оралды.
Шыға келіп Қарақшы ағаш түбінен,
Шаруаны тонап алды сол күйі.
«Мен сорлыны ая, – деді ол қорбиып, –
Қалдым енді сомпиып.
Сиыр үшін бір жыл қаржы жиып ем,
Осы күнге жетем деп».
«Жылама онда бекерге, –
Деді жауыз, – алайын тек керегін,
Бәрібір мен саумаймын ғой сиырды;
Онда өзіңе тиімді,
Қала қойсын шелегің».