19.03.2022
  129


Автор: Абдрахман Асылбек

Механик

Бір жас жігіт сатып алды зәулім үй,
Әрине, оны салған еді бабалар.
Әрі мықты, кең болатын әлгі үй
Көрген адам шын жоғары бағалар.
Бір кемдігі, бірақ та,
Тұратұғын ауызсудан жырақта.
«Мейлі, – деді ол, – жетер менде ерік, күш,
Не істесем де, үй менікі, иесі мен,
Машинамен өзен жаққа көшірем.
(Сол жас жігіт механик-тін еліккіш)
Шана қойсам болды астына тезінен.
Ең әулі үй іргесін қопарып,
Шығыр сияр жерді дәлдеп оямын.
Содан кейін сүйреткішпен апарып,
Қалаған жерге қоямын.
Бұл өмірде қызықтар көп қаншалық:
Жатқан кезде үйімізді көшіріп,
Күйме ішінде отырғандай көсіліп,
Өлең айтып, жадырармыз шешіліп,
Тыңдар жұрттар тамсанып».
Осындай бір қиялдарға беріліп,
Механик тез кірісті іске еліріп.
Үй іргасін қаза берді тым әрі,
Кетті көп күш, жұмсалды көп ақша да,
Бірақ та, үй қозғалмады, масқара!
Бітті ақыры құмары –
Үйі қирап құлады.
* * *
Қарасаң кей кісіге,
Ісіне,
Алмассың түк түсіне.


 





Пікір жазу