19.03.2022
86
Тришканың тоны
Тришканың тоны жеңнен жыртылды,
Ойланбастан инеге ол ұмтылды.
Жеңін қырқып, жасап еді ол ұсталық,
Шыға келді шынтағынан қысқарып.
Төрттен бірі кемігені сөз бе екен?
Қайғыратын кез бе екен?
«Ақымақ», – деп оны көрген ел күлді,
«Мен ақмақ емеспін», – деп ол жүрді, –
Түзетем де мінімді,
Жеңді ұзартам қалпынан да бұрынғы».
Тришкадан ес кеткен!
Кесілді енді етегі.
Киді тонын ұялмастан еш көптен:
Әрине, ұзын бешпеттен
Шолтаң-шолтаң етеді.
* * *
Кей мырзалар жүргендей боп тындырып,
Істі бүлдіріп,
Тришкадай тон киіп,
Көрінеді сырт көзге құр қомпиып.