19.03.2022
135
Батпырауық
Батпырауық самғаған
Көбелекті байқап қалып аңғардан,
Жоғарыдан сонда оған:
«Көрінесің, – деді айқайлап, – сәл ғана,
Шынын айтсам, қызығарсың сен маған,
Ұшқаныма көктей келіп көк төсін!»
«Қызығам ба? Жоқ, досым!
Өзің жайлы көп ойлайсың текке сен,
Байлаулысың – ұшқаныңмен көкке әсем.
Күнің солай өткесін,
Бақытыңа сенем бе?
Ұшсам да мен төменде,
Жоқ байлауым, тұсауым,
Қалауымша ұшамын.
Ермек үшін ұшқандығын білместен,
Қалтыраумен күн кешкен,
Келмес саған ұқсағым».