19.03.2022
168
НҰРЖАМАЛ
Өмірдің шырағы, – Бір өшер, бір жанар;
Толсын жан шуағы, Нұржамал, Нұржамал!
Бұл жыртық көңілді, Кім емдер, кім жамар?
Сүр жақсы өмірді, Нұржамал, Нұржамал!
Жақсы мен жаманға, Куә ғой бұл жанар;
Ақ сөйле маған да, Нұржамал, Нұржамал!
Азсын деп дүние, Табылар түрлі амал;
Жеңіске кім ие, – Нұржамал, Нұржамал!
Құламас түбінде, Табылмас бір қамал;
Өмірден түңілме, Нұржамал, Нұржамал!
Қыс өтер, жаз болар, Бақтар да бүр жарар;
Көңілің мәз болар, Нұржамал, Нұржамал!
Өзгерер қоғам, ел, Жан отын кім жағар?
Мерейлі бола бер, Нұржамал, Нұржамал!..