19.03.2022
  169


Автор: Тортай Сәдуақас

МАХАББАТ ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

Махаббат – аққу ма, Сыңарын таңдайтын?
Махаббат – тәтті у ма, Құмарың қанбайтын?
Махаббат – гүл шығар, Жұпары аңқыған.
Махаббат – нұр шығар, Бойымыз балқыған.
Махаббат – жыр шығар, Жүрекпен ұғатын.
Махаббат – шың шығар, Өрмелеп шығатын.
Махаббат – сыр шығар, Құпия қалатын.
Махаббат – сын шығар, Азапқа салатын.
Махаббат – өрт шығар, Жүректі шарпыған.
Махаббат – серт шығар, Айнымас қалпынан.
Махаббат – у шығар, Уайымға батырған.
Махаббат – ту шығар, Жеңіске шақырған.
Махаббат – бал шығар, Таңдайға құйылған.
Махаббат – бақ шығар, Маңдайға бұйырған!





Пікір жазу