18.03.2022
185
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-03-18-19-43-03.png)
ҰНАТАМЫН
Мен сенің ұнатамын күлісіңді,
Сырнайлы, сыңғырлаған күміс үнді,
Көктемнің үлбіреген гүлі сынды, –
Сиқыры бар ашатын тынысымды,
Мен сенің ұнатамын күлісіңді!..
Назданған қылығыңды ұнатамын,
Мұңайсам жанымды сол жұбатарым;
Еркелеп атқандай бір бұла таңым,
Бөленіп шуағыңа бүр атамын,
Назданған қылығыңды ұнатамын!..
Ұнатамын қиылып қарасыңды,
Тұрғандай сыйлап маған бар асылды;
Шықпаған тілі де әлі бала сынды, –
Тек қана, жаным, саған жарасымды,
Ұнатамын қиылып қарасыңды!..