18.03.2022
115
СӨНБЕЙТIН ОТ
(толғау)
Сөнбейтiн оттың
қасында тұрмын,
сөнбейтiн үмiт, тiлекпен,
сырқырап ойлар
басымда тұр мың,
жұлмалап, тартып жүректен.
Түтiннен,
оттан,
түнектен,
тiрлiктi қайта түлеткен,
түлеткен мына өмiрдi,
қырларға қайта гүл еккен,
сөнбейтiн жалын
сөйлеген кезде – естiлдi,
естiлдi маған үн өктем…