18.03.2022
165
Альбертоның төртінші монологы
Құлағыма
жетеді таныс бір ән,
Таныс тауым...
Таныс шың...
Таныс қыран...
Естимісің, Жан әке!
Биіктемін...
Қиялымды
қыранмен жарыстырам.
Заулайды кеп...
Заулайды бала қыран,
үзілердей Дүние сағағынан.
Тұрады да шаншылып
ноқат болып,
құлдилайды
күй саулап балағынан...
Қайран бала қыран!
Ақырғы рет...
Ақтық дем...
Бар күшіммен...
Намысыммен мұқалмас,
қарғысыммен,
қаршығадай түйіліп,
ерлік іздеп,
тілдесіп қарлы шыңмен,
қия шыңға
құладым алғыс үнмен...*
Қош!
Чили!
Чили!
Чили!
Есіміңді қайталап мәңгі ішімнен...
14 наурыз, 1977 жыл.