18.03.2022
157
Альбертоның үшінші монологы
Ақырғы таң...
Ақтық дем...
Ақырғы күн...
Жанымды жеп,
кеміріп жатыр бүгін,
ашу буған ақылды
кек билеп тұр,
Бес құрлықтың көзінде – Батылдығың...
Ақырғы таң...
Ақтық сәт...
Қаралы күн...
Жаным мұңды,
жабырқау, жаралымын.
Гитараның қираған
солқылындай,
көкті кезіп тарады,
тарады үнім.
Қаралы күн...
Қанды күн...
Қарғыс атқыр!
Ойып салған
кеудемде қал құсап тұр...
Түсімде де көремін шекті үзілген,
көкірегім –
қап-қара жарға ұқсап тұр...
Көзді жұмсам...
Елестеп қаралы аспан,
тұла бойым
сыздайды жара басқан;
Құлағыма жетеді
гитара үні,
ажалменен
арбасып жағаласқан...
Ақырғы таң...
Ақтық дем...
Қаралы аспан...
14 ақпан, 1977 жыл.