18.03.2022
128
Альбертоның екінші монологы
Қапияда
қан құсқан күйікті едің,
бұлбұл ұшты көзімнен,
сүйікті елім!
Гитараның үніндей
шегі үзілген,
Паблоның жырындай
биіктедің...
Табыстырып
жақын мен алыстарды,
таныстырып
бейтаныс, таныстарды,
Жұмыр жердің алдында
асқақтадың
шәһид болған
көтеріп арыстарды.
Азаттықтың
үні боп серпілдің де,
иық сілкіп,
ширығып,
беркіндің де..
Көтерілдің
ғарыштың биігіне,
қолды созып,
Еркін жұрт,
Еркін күнге...
Арманым көп...
Амал жоқ, алыстамын,
бір күн – жерде,
бір күні – ғарыштамын.
Алпыс екі тамырым...
Сен деп, соғар!
Сен аман бол,
Айбынды арыстаным!
13 ақпан, 1977 жыл.