18.03.2022
175
Өтедi күндер...
Өтедi күндер,
кетедi күндер ғайыпқа,
аспаныменен, жұлдызыменен жұбатып;
өтесiң сен де,
кетесiң менi айыптап,
күнәсiз Ай мен кiнәсiз түндi жылатып…
Өтедi күндер,
кетедi күндер жеткiзбей,
үмiттiң әнiн, ұстатпай соңғы наз әнiн;
жапырағыменен
гуiлдеп өткен көп күздей
Мен болсам мәңгi күбiрлеп өлең жазамын…
7 қазан, 1976 жыл.