18.03.2022
150
Тағдырым!
Тағдырым!
Жаныма мұң ектiң де,
тынымсыз болып алды жүрек түнде.
Ой-сана шалдығуда iлесе алмай,
мазасыз майданы мол бiр екпiнге?!.
Апыр-ай!
Аласұрған сағым-құсым,
кеудемдi өрт боп шалар
шағымбысың?!
Көк дауыл түн боп келiп жұлқылайсың.
Бiлмеймiн?!
Сорымбысың?
Бағымбысың?!
Бұлдырап ой төрiнде күн кешегi,
әлдекiм көк аспанмен тiлдеседi,
Ақ дауыл-күн боп менi мазалайсың,
әлдекiм төрiме үнсiз мiңгеседi…
Армансыз болсам, шiркiн…
Бiлмес едiм.
Өмiрде қайғырмас ем,
күлмес едiм…
Ақын қып, неге ғана жаратқансың,
Тағдырым!
Айтшы қайтып күн кешемiн?!
7 желтоқсан, 1976 жыл.