18.03.2022
  131


Автор: Нұрлан Оразалин

Таңдардай сұлу

Таңдардай сұлу
аңсаған сырлы шақтарын,
аңсаған бұлбұл хауыз-бақтарын.
Бауырым!
Жүрген жандаймын
қия құздардың
биiгi менен
бiле алмай жүрген
қия-жақпарын…
Алаңсыз кездер
арбалған кейде елестей,
көп күндер тiптi
кеудемнен менiң жел еспей,
ақ қарда қалған көмiлiп,
тынамын үнсiз
адырлы-қырлы белестей…
Арман атаулы
алыстап менен сол шақта,
алыстап қырдың жыр-әнi,
алыстап таудың қыраны,
көгiлдiр аспан көзiмде
қоңырқай тартып тұрады.
Кездерде сондай,
кеуденi торлап жас арман,
көре алмай қалам
 
Фәнидi мынау жасарған,
жөңкiлiп ұшқан
жастығым менiң секiлдi
жүрегiм менен
сезiмнен асау қашалған…
9 сәуiр, 1976 жыл.





Пікір жазу