17.03.2022
123
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Аңшы қоян
Біраз аңдар келісіп,
Аюды ұстап алды да,
Сазға жығып салды да,
Жатты өзара бөлісіп,
Әр тұсты әркім қармасты,
Ал, Қоян кеп құлағына жармасты.
«Уа, қыли сен күшік, –
Деді шулап, – сіңді қандай еңбегің?
Аңшылардан сені ешкім де көрмеген»
« Ей туғандар, –деді Қоян, –мен деген
Ен тоғайдан оны үркітіп ерлегем
Алдарыңа аз ба айдап келгенім
Достарыңды ұнатқан»
Мұндай мақтан болса да аян әріден,
Бір қызығы бәрінен –
Сол Қоянға үлес тиді құлақтан.
* * *
Мақтаншаққа ел күледі,
Бірақ, олар үлеске ие үнемі.